Қарағанды облысының депутаттары ҚАЖД-ға қарасты әйелдер мекемесіне барды
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай облыстық мәслихат депутаттары “30 игі іс” науқаны аясында Қарағанды облысының депутаттары Абай ауданындағы әйелдер мекемесіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, сондай-ақ жазаны өтеу шарттарымен және жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысымен танысу мақсатында Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қадиша Оспанова және Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттар тобы Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіровпен бірлесіп әйелдерді ұстауға арналған №32 мекемеге барды.
Депутаттар сотталғандарды өтеу шарттарымен және олардың мекеме аумағында орналасқан жұмыс орындарымен танысты.
Мекемеде еңбек терапиясына және сотталған әйелдердің шығармашылық дамуына назар аударылады. «Еңбек-Қарағанды» РМК өкілдері тігін цехын көрсетті, одан кейін депутаттар ұлттық кәде сыйлар дайындайтын шеберханалардың жұмысын тамашалады.
Айта кету керек, мекемеде 3 психолог жұмыс істейді, релаксация мен йогаға арналған керемет бөлме бар. «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқан кітапханаға барды.
Мекеме клубында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт қойылды. Сотталған әйелдермен вокалдық, би нөмірлері ұсынылды, өлеңдер, күйлер орындалды.
Іс-шара басында Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының атынан Қадиша Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, зор денсаулық және өз үйлеріне тезірек оралуды тіледі. Сондай-ақ «30 игі іс» акциясы аясында ҚР мәслихаттарының мерейтойлық жылында депутаттар мекеме кітапханасының қорына 100-ден астам көркем әдебиет кітабын сыйға тартты.
ҚР және Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Меруеш Башай музыкалық сыйлықпен өнер көрсетті, әйелдер үшін домбыра мен Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Сотталғандар тарапынан депутаттарға өз қолдарымен жасалған кәде сыйлар табыс етілді.
– Бүгін мекемеге барған облыстық мәслихат депутаттары жазасын өтеп жатқан азаматтарымыздың тыныс-тіршілігін өз көздерімен көрді. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жөніндегі мекеменің жұмысымен танысты. Сондай-ақ сотталғандар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырған мерекелік концертті тамашалады, – деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіров.