Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полиция аруы анықталды

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен Достық үйінде мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шара облыстың бас сақшысы Санжар Әділовтің құттықтау сөзімен басталды.

– Баршаңызды гүл көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде қиыны мен қызығы қатар жүретін Ішкі істер органдарында ер азаматтармен иық тіресе 800 ден астам нәзік жанды аруымыз еңбек етуде, аруларымыздың орны біздің салада ерекше екенін айтып өтпеске болмас. Сондықтанда жер жаһанның гүлденіп, дүниенің құлпырған шағында келетін мереке қарсаңында сіздерге шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Шуақты көктемнің мейірі мен сүйіспеншілікке толы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шуақ кетпесін. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін, – деді бас сақшы.

Департамент бастығының құттықтау сөзінен кейін, мерекеге орай қызметінде алдыңғы қатардан көрініп, антына адал берілген бірқатар пагон таққан нәзік жандылар Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен марапатталды.

Марапаттау салтанатынан кейін облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлінісінде қызмет атқаратын нәзік жандылар арасында полиция департаменті аруын анықтау мақсатында байқау өтті. Байқауға сәні мен салтанаты келіскен 13 ару қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау шарты бойынша олар өзін-өзі таныстыру, дифеле көрсету бойынша бақ сынасты. Оның қорытындысы бойынша сән-салтанатымен ұшқыр ойы және бірнеше тілде еркін сөйлеп өзін таныстырған Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы Дарина Сычева полиция департаментінің аруы атағына ие болды.

Байқау соңында барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.

 


Мерекелік іс-шара соңында нәзік жанды аруларға полиция департаментінің көркем өнерпаздар ұйымы даярлаған концерттік бағдарламаға ұласты. Пагон таққан аруларды құттықтап Қазақстан Республикасы эстрадасының жарық жұлдызы Кенжебек Жанәбілов арнайы құттықтап, әуезді әндерін сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру