Қарағанды облысының ПД мұражайында жас қызметкерлердің ІІО ардагерлерімен кездесуі өтті
Қарағанды облысының ПД мұражайында жас қызметкерлердің ІІО ардагерлерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының ПД-да өңірдің ішкі істер органдарының тарихы сақталуда. Ардагерлердің есімдері алтын әріптермен жазылып, олардың ерлігі, жанқиярлығы, адалдығы полицейлердің көптеген ұрпақтарына үлгі болды. Олардың арасында старшина Сейілхан Имаханов пен майор Василий Шугар бар. Облыстың ПД әскери және еңбек даңқы мұражайында ерлік сабағы өтті, онда жас қызметкерлер осы ардагерлердің туыстарымен С.Имахановтың қызы Раиса Имаханова және В. Шугардың келіні Евгения Шугармен кездесті. Іс-шара Отбасы күніне арналды.
– Отбасы сізді әрдайым күтеді, қиын уақытта қолдайды. Сіздің аналарыңыз, әпкелеріңіз, әйелдеріңіз әрқашан қылмыспен күресте алдыңғы қатарда екеніңізді жақсы біледі және есте сақтайды, сіз үшін қатты алаңдайды. Бүгінде біздің ардагерлеріміздің отбасы мүшелері көп жылдар бойы адал қызмет атқарып келеді, – деді жас полицейлерге музей директоры Айна Айтжанова.
Старшина Сейілхан Имаханов ішкі істер органдарында 1938 жылдан 1969 жылға дейін жұмыс істеді. Осылайша оған Ұлы Отан соғысының майданына барудың реті келмеді. Бірақ мінсіз қызметі үшін ол әскери наградаларға – Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендеріне ие болды. Соғыс жылдары Сейілхан Қарағанды қалалық басқармасының кавалериялық взводында қызмет етті. Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылармен ымырасыз күрестен басқа, ол Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарында жақсы қаруланған бандиттік топтарды жоюға қатысуға мәжбүр болды.
– Кішкентай кезімде әкемнен: «Әке, сен неге майданға бармайсың, бәрі соғысып жатыр, ал сен соғыспай жүрсің», – деп сұрадым. «Мен екі рет әскери комиссариатқа жүгініп, әскерге жіберуін өтіндім. Бірақ басшылық жібермеді»,- деп жауап қайтарды әкем. Мен есейген кезде әкемнің тылда нағыз жекпе-жектер өткізуге тура келгенін білдім. Ол елді мекендерді өртеп, адамдарды өлтірген бандиттерді қуып, дала кезген. Ал мынау 60-шы жылдары болған оқиға екен. Милиционерлер біздің үйге келіп, анама: «Сіздің күйеуіңіз жарақат алды», – деді.
– Әкем қызметте жүргенде қала аудандарының бірінде болыпты. Бір бала кенеттен оған жүгіріп келіп, үйде кісі өлтіру болғанын айтқан. Әкем оның артынан жүгірген. Үйге кіріп, кереуеттің астынан екі мәйітті тапқан. Осы кезде оған қолында балтасы бар ірі денелі қылмыскер шабуыл жасаған. Әкем ұзын бойлы емес, қолында қаруы жоқ, бірақ шымыр болған. Самбо әдісімен қылмыскерді құлатқан, бірақ ол әкемнің балтамен басын жарып үлгерген. Солай онда өмір бойы тыртық қалды, – деді Раиса Имаханова.
Ол жас полицейлер қылмыскерлерге тиімді қарсы тұру үшін білімді игеруі керек деп санайды.
– Мен мектепте сынып жетекшісі болдым және оқушыларды осы мұражайға экскурсияға алып келдім. Оның директоры бұрынғы майдангер, ішкі істер органдарының ардагері Иван Алексеевич Васильев болды. Ол менің қайын атам Евгений Тимофеевич Шугарды білетін, бір кездері онымен бірге жұмыс істеген. И. Васильев атамның марапаттарын – Ленин ордені мен жауынгерлік Қызыл Туды мұражайға тапсыруды сұрағанда, мен оны қуана орындадым. Сонымен, қайын атаны еске алуға арналған стенд пайда болды. Ол өзінің қызметі туралы айтпайтын. Алған ордендері бекер берілмеді. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Евгений Тимофеевич Смоленск қаласының милициясында жұмыс істегенін қайын енемнен білдім. Ол 1940 жылы неміс барлау және диверсиялық топтары пайда болған Беларуссияға жіберілген. Соғыс басталған кезде Шугар алдыңғы аймақтағы диверсанттармен күрескен. Ол 1944 жылы Қазақстанға бара жатқан неміс әскери тұтқындарының эшелондарын қарауылдаған. Осылайша ол дала өлкесінде қалған. Ақтөбеде, содан кейін Қарағандыда жұмыс істеп, 1955 жылы зейнетке шықты. Осыдан кейін қалалық атқару комитетінде жұмысын жалғастырды, – дейді Евгения Шугар.
Ол жас полицейлерге денсаулық тілеп, өз міндетін адал атқаруды тіледі.
– Бізге Қарағанды облысының Ішкі істер органдарының тарихы, ардагерлеріміз туралы айтылды. Олардың қандай қиын жағдайда жұмыс істегендерін түсінесің. Сондай-ақ, мен үшін патрульдік-күзет қызметінің жеке дивизионынан бастау алатын біздің патрульдік полиция полкінің қалыптасу кезеңдерін білу қызықты болды. Тарихты білу керек, – деп есептейді Қарағанды қаласының ППП қызметінің инспекторы Айбек Мақанов.