Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 844 мүйізін тәркіледі

Қарағанды облысының полицейлері қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 844 мүйізін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының қызметкерлері қызыл кітапқа енген жануарлардың мүйізін сату қылмысының жолын кесу және алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шараларын өткізді. Осы іс-шара барысында полицейлерге мүйіз сатумен айналысып жүрген тұрақты топ туралы ақпарат түсті.

– 5 ақпан күні Жаңаарқа кентінде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 29 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көлікке жүргізілген тексеріс барысында 844 мүйіз тәркіленіп алынды. Автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жүргізушінің екі сыбайласы анықталып ұсталды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1-бабына сәйкес «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналусы» қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Еске сала кетейік, полиция қызметкерлерімен былтырғы жылы осы Жаңаарқа ауданында киік мүйіздерін сатумен айналысқан тұрақты топ ұсталып, 274 мүйіз тәркіленген болатын. Сот шешімімен олардың бірі 4,5 жылға бас бостандығынан айырылса, үшеуінің 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру