Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған 535 адам анықталды

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған 535 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтарда Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 535 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 63-і шетелдік, 472-сі ҚР-ның азаматы.

– Шетелдіктердің болу ережелерін сақтамағаны үшін 40 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылдаушы тұлғалардың шетел азаматтарының болу ережелерін бұзғаны үшін ҚР-ның 54 азаматы жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Қазақстан Республикасында тіркеу ережелерін бұза отырып, тұрып жатқан 400-ден астам азамат анықталды, оның ішінде 418-і ҚР-ның азаматы және екі шетелдік.

Соттарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 21 іс жіберілді. Төрт шетелдікке қатысты елден шығарып жіберу туралы шешім қабылданды. Іздеу жарияланған 102 борышкердің 21-і алимент төлемейтіні, сондай-ақ іздестірілген 58 борышкердің 18-і анықталды.

Бұдан басқа, бір айда Қазақстан Республикасының азаматтығына жеті шетелдік азамат қабылданды. ҚР азаматтығынан 175 айырылу тіркелді.

Облыс аумағында 5826 шетелдік тұрақты тұрады. Шетел азаматтарына тұрақты тұруға 63 рұқсат берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру