Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері ұрланған мотоциклін иесіне тауып берді

Қарағанды облысының полицейлері ұрланған мотоциклін иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамыз күні Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөліміне 33 жастағы ауыл тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші Hammer мотоциклін сатып алған, сондай-ақ оны көп мінбегені туралы шағымданған. Белгілі болғандай 33 жастағы азамат мотоциклін өзінің үйінің ауласына қойып, жұмыстарымен шығып келгенде оны белгісіз біреу мініп кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 680 мың теңгені құраған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

5 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы азамат ұсталды.

Күдікті жәбірленушінің мініп жүрген мотоциклына бірден көзі түскенін, оның қай жерге қоятынын қарап жүріп, оңтайлы сәтті пайдаланып ұрлап кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Мотоцикл тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру