Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері адамдарды өрттен аман алып шықты

Петропавл полицейлері адамдарды өрттен аман алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі кезекшілікте жүрген Петропавл қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әсет Сыздықов және Артем Маренков оқиға орнына барып, отқа оранған үйден адамдарды алып шыққан.

Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Сыздықов пен Маренков сол күні “Береке” ықшам ауданында патрульдеу бағытында жүрген. Шамамен түн ортасында олар Волочаевский көшесіндегі жер үйден шығып жатқан түтінді байқайды. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына барды. Ауладағы қора-қопсы өртке оранып, от үйдің шатырына ауған екен. Үйдің ішін түтін жайлап, электр жарығы болмаған. Абыржыған әйел екінші қабатта күйеуінің қалғанын айтқан. Бірінші қабатта жасына байланысты ақырын қозғалатын әжей болған. Жасөспірім қыз бұл уақытта сыртқа шығып үлгеріпті. Түтінге тұншыққан патрульдік полицей Сыздықов адамдарды, ал Маренков жарылыс болмас үшін газ балонын көшеге алып шыққан. Құтқару операциясының бір бөлігі бейнекамераға түсіп қалған: баллонды ажырату үшін Артем смартфонындағы бейнекамера жарығын пайдаланған екен.

– Бұл кезде өрт сөндірушілер де келіп жеткен. Өртті ауыздықтауға бірнеше сағат жұмсалған, бұл кезде полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін үйдің қасында болды. Әжейді патрульдік машинаға отырғызып, жедел жәрдемнің медицина қызметкерлері қарағаннан кейін оны көрші үйге апарды, – дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Командирдің айтуымен бейнежазба смартфоннан жүктелді. Патрульдік полицейлер өздерінің әрекетін ерлік деп санамайды.

– Бұл бар болғаны біздің жұмысымыз. Адамдарға көмектесу – біздің міндетіміз, – дейді полиция қызметкері Әсет Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру