Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері жалғыз соғыс ардагерінің шаңырағында болды

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай аудандық полиция бөлімінің басшысы Мақсат Ашимов өзінің орынбасарларымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Зейнолла Қуанышбековтың шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнолла Қуанышбеков  1925 жылы шілде айында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының № 6 ауылында (Қызылтау ауылы) дүниеге келген.


Ұлы Отан соғысы жүріп жатқанда 1942 жылы Жаңаарқадағы бұрнынғы Ленин атындағы №1 мектептің 8 сыныбын үздік бітіріп, темір жол депосына паровоздың машинистінің көмекшісі болып жұмысқа тұрып, еңбек етті.


1943 жылы қаңтар айында 17 жасында әскерге алынып, Забайкалье соғыс майданының 17 ші армия, Ленин орденді 36 дивизияның барлаушылар батальонында минаметшы-наводчик, звод командирінің көмекшісі, аға сержанты болды.  1944 жылы көрсеткен ерлігі үшін РКК белгісімен марапатталған. Өмірінің жеті жылын әскер сапына арнаған ардагер «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Жапон агрессиясына қарсы күрескені үшін В.И.Сталин «Алғыс хатпен» марапаттаған. Маршал Василевскийден «Алғыс хат» алған.


Бұл күнде 94 жасқа толған майдангер Ұлы Отан соғысы кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтін есіне алды.


Мақсат Исатайұлы ерліктің елге мұра, ұрпаққа үлгі екендігін айта келе Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді. Соғыс ардагері болса майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Майданнан аман-есен елге оралған мыңдаған жаңаарқалық жауынгерлерден бүгінгі таңда облыстағы жалғыз соғыс ардагері, Зейнолла Қуанышбеков Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру