Қарағанды облысының полицейлері жасөспірімдерге қатысты 154 құқық бұзушылық дерегін анықтады
Қарағанды облысының полицейлері жасөспірімдерге қатысты 154 құқық бұзушылық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының аумағында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу, сонымен қатар балалардың түнгілік уақытта бейсауат жүрмеулеріне байланысты “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
- Іс-шара барысында 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамаудың 27 дерегі, балалардың түнгі көңіл көтеретін орындарда заңды тұлғаларының болмауынсыз жүруіне байланысты бес факті, сонымен қатар ұсақ бұзақылықтың төрт дерегі анықталды. Сонымен қатар есепте тұрған 218 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мекен жайы, 313 қолайсыз отбасы тексеріліп, профилактикалық есепке 25 ата-ана мен 14 кәмелеттік жасқа толмағандар қойылды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына 18 материал жолданды. Оның 5-уі ата-ана құқығынан айыру, 4-уі ата-ана құқығын шектеу, 9 материал құқық бұзуға бейім кәмелеттік жасқа толмаған балалардың материалдары, - деді облыстық полиция департаменті жергілікті қызмет басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.
Сондай-ақ іс-шара барысында Абай ауданының 49 жастағы тұрғыны 8 жастағы ұлына қатысты ата-аналық міндеттерін дұрыс деңгейде орындамау дерегі анықталды. Сонымен қатар ол, қоғамдық орында ішімдік ішкен күйде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Абай аудандық полиция басқармасы, ювеналдық полиция тобының есебіне алынды.