Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері аязда жолда қалған азаматқа көмектесті

Ұлытау облысының полицейлері аязда жолда қалған азаматқа көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 желтоқсан күні Ұлытау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Қызылорда – Павлодар күре жолында жанар-жағар майы қатып, жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті.

Қызылорда қаласынан жолға шыққан жүк көлігінің жанар-жағар майы ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан қатып қалған. Түнгі суықта көлігі от алмай, бірнеше сағат жол бойында қалуға мәжбүр болған. Облыстық ПД патрульдік полиция ротасының полицейлері жол бойын патрульдеу кезінде жолаушыны көріп дер кезінде көмек қолын созды.

– Сағат 11:30 шамасында Қызылорда – Павлодар күре жолы бойында Жезқазған қаласына жақын жерде тоқтап тұрған ауыр жүк көлігін байқадық. Көлік жүргізушісі көліктің жанар-жағар майы суықтан қатып, от алмай қалғаны жайлы жеткізді. Суыққа ұрынып, әбден тонған жолаушыға жақын маңдағы дәмханалардан ыстық ас беріп, бойын жылыттық. Көлікті арнайы құралмен қыздырып, от алдырып бердік, – деді патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Дархан Әбдібек.

Қызылорда қаласының тұрғыны Азизхан Асылбеков Нұрлан Аманжолов және Дархан Әбдібекке кәсибилігі мен жедел әрекеті үшін алғысын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру