Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тас жолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды

Қарағанды облысының тас жолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар және облыстық тас жолдарға мал ұрлығының алдын алуға байланысты 18 жылжымалы блок бекет қойылды. Оның құрамына криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторларымен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

– Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта дәстүр бойынша күздік және соғым уақыты жақындап келеді. Бұл кезде барымташылардың да халықтың малына тыныштық бермейтіні анық. Солардың кесірінен төрт түлігін баптап отырған шаруа қожалық иелері жапа шегеді. Нақты мысал келтіре кетейін, өткен аптада ғана осы тас жолда патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен ешқандай құжатсыз 6 жылқы әкеле жатқан автокөлік тоқтатылды. Тексере келгенде жылқылардың жайылымнан ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, онымен тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Ә.Әбілдин «Қарқаралы-Қарағанды» тас жолындағы блок-бекетке түскен қызметкерлерге нұсқама өткізіп, полиция қызметкерлерінің алдына ет өнімдерін тасымалдап келе жатқан автокөліктерді тексеру барысында өнімдерге құжаттардың болуын, малдың ұрланған не болмаса өз малдары екенін анықтау бойынша міндеттер жүктеді.

Айта кету керек облыс аумағында жыл басынан бастап мал ұрлығына байланысты 47 дерек тіркелді. Кешенді іс-шаралардың барысында полиция қызмектерлерімен 22 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.

Барымташылардың 14 қылмысқа қатыстылығы анықталып, қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.

Қарағанды облысының Полиция департаменті тұрғындардан полиция қызметкерлерімен өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру