Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері екі тонау қылмысын ашты

Қарағанды облысының полицейлері екі тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қала орталығында Абай көшесінің бойында тонау фактісі болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Қылмыс аса қатыгездікпен жасалған. 30 жастағы жәбірленуші азаматша жұмыстан үйіне келе жатқанда Абай көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан оған белгісіз біреу шабуыл жасаған. Күдікті азаматшаға соққы жасап, оның қолындағы ұялы телефонын тартып әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті шамамен 35-40 жас аралығындағы азаматқа ұқсаған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Осыған ұқсас жағдай Осакаров ауданында да тіркелді. Бұл ауданда белгісіз біреу кешкілік уақытта 20 жастағы азаматшаға күш қолданып, ішінде 4 500 теңгесі бар қол сөмкесін тартып әкеткен.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен “ізін суытпай” 34 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру