Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер пәтер ұрысын қолға түсірді

Қарағандылық полицейлер пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша үйінен біршама уақытқа шығып кеткен. Сыртқа шыққанда үй есігін жабуға ұмытып кеткен жәбірленушінің осы сәтін пайдаланған белгісіз біреу ішінде 20 мың теңге ақшасы, жүргізуші куәлігі, банк картасы салынған сөмкесін ұрлап әкеткен.

Оқиға орынын зерделеген полиция қызмектерлері дәліздегі терезеде тұрған сусынның ыдысының астынан банк картасын тауып алған. Полиция қызметкерлері аталған банк картасынан саусақ іздерін алып, сараптама қорытындысына сәйкес, бұрын ішкі істер органы қызметкерлерінің назарына іліккен 33 жастағы азаматты анықтады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау бойынша бағдар барлық полиция бөлімдеріне жолданды.

9 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Қарағанды қаласында қолға түсірді. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары кезінде күдіктінің осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатыстылығы анықталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру