Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен

Қарағанды полицейлері жалдамалы пәтерді үптеп кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 37 жастағы азаматшадан арыз түскен. Жәбірленуші арызында өзіне тиесілі пәтерді уақытша жалға алған ерлі-зайыптыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Ерлі-зайыпты жұп жәбірленушінің пәтерін жалдап тұрған. Олар пәтерді таза ұстап тұрғанымен, пәтерден шығарда жәбірленушіге тиесілі теледидарды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 174 000 теңгені құраған.

Жәбірленуші оқиға орынына келген полиция қызметкерлеріне күдіктілерді суреттеп қана қоймай, олар туралы қолында бар деректерді берген.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, олардан айғақ зат тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру