Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Альфа» деген қызметтік иттің көмегімен жылыту құрылғысын ұрлаған күдікті ұсталды

Шымкент полицейлері қызметтік иттің көмегімен бөтен біреудің мүлкін ұстаған қаскүнемді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 наурызында Қаратау аудандық Полиция басқармасының «102» операторына Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреудің Достық шағын ауданындағы құрылысы толық аяқталмаған үйіне заңсыз кіріп, ішінен «Виесмант» маркалы құны 260 000 теңге тұратын жылыту құрылғысын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары «Альфа» деген қызметтік иттің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті азамат анықталып, ұсталды. Иісшіл иттің көмегімен ұрланған зат табылып, иесіне қайтарылды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру