Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғынынан 747 түп қарасора мен марихуана тәркіленді

Қарағанды облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 747 түп қарасора мен 1 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай аудандық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында марихуана есірткі затын өсірумен айналысады деген күдікпен 35 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.

Тексеріс жұмыстары барысында ақпарат расталды. Күдіктінің мекен жайын тексеру барысында полиция қызметкерлері ерекше иісі бар жасыл түсті 747 түпті тәркіледі. Сондай-ақ күдікті тұратын үйдің қорасынан кептірілген өсімдік тектес затты тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктің қарасора есірткі заты, ал кептірілген зат пайдалануға болатын салмағы 1 келіден астам марихуана екені белгілі болды. Күдікті есірткіні өзі пайдалану үшін өсіріп, кептіргенін айтты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру