Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын бас бостандығынан шектелді

ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын 6 айға бас бостандығынан шектелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының соңында Шығыс Қазақстан облысы ПД жедел бөлімшелерінің қызметкерлеріне Катонқарағай ауданының 29 жастағы тұрғыны үйінде тіркелмеген қару сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен. Хабар алғаннан кейін полиция қызметкерлері дереу тексеруге кірісті.

Жедел тінту барысында аталған азаматқа тиесілі үй сарайының шатырынан сараптама қорытындысына сәйкес, 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8 үлгісіндегі атуға жарамды мылтық тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Нәтижесінде 15 маусымда аудандық сот үкімімен күдіктіге 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру