Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында “Қарасора – 2023” іс-шарасының бірінші айы қорытындыланды

Павлодар облысында “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші айы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі бар өсімдіктердің бірнеше ошағы жойылды

– Құрамында есірткі бар өсімдіктердің 15 ошағы жойылды, өсу ошақтарын жою бойынша 97 ұйғарым шығарылды. Бұл облыс тұрғындарының жер учаскілерін тексеру кезінде Павлодар полицейлері анықтаған “Қарасора – 2023” алдын алу іс-шарасының нәтижелері, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Маусым, қазан айлары аралығында Павлодар облысының барлық аумағында өткізілетін “Қарасора – 2023” республикалық жедел алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар жабайы өсімдіктердің заңсыз егістері мен өсу ошақтарын анықтау және жою.

Спикер атап өткендей, есірткі мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 12 қылмыстың жолы кесілген. Аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін, екеуі контрабандасы үшін және бір факті бойынша заңсыз өсіргені үшін және тыйым салынған заттарды заңсыз насихаттағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалды. Жабайы қарасораны жою шараларын қолданбағаны үшін 15 әкімшілік хаттама жасалды. Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасағаны үшін барлығы 44 азамат ұсталды.

Полиция департаменті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарына осы құқық бұзушылықтар бойынша ақпарат алған кезде дереу полицияға “102” арнасы арқылы немесе 8 (718 2) 39-10-36, 39-10-38 телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру