Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда көліктен ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Теміртауда көліктен ұрлық жасаған күдікті қолға түсті – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші жұмыстан келген соң көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойған. Сағат 16:30 шамасында белгісіз біреу көлігіне кіріп, 107 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру