Қарағанды полицейлері бір күнде жоғалған үш баланы тапты
Қарағанды полицейлері бір күнде жоғалған үш баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 маусымда Қарағандыда жоғалған балалар туралы үш факт тіркелді. Осылайша, 10 жасар баланың анасы Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне жүгінді. Ол ұлының үйдің ауласынан белгісіз бағытта кетіп қалғанын түсіндірді. Әйел баланы өз бетімен табуға тырысқанымен, еш нәтиже шықпай полицияға хабар берген.
Дабыл бойынша полиция бөлімінің жеке құрамы тік көтерілді. Тәртіп сақшылары тез арада бірнеше мобильді топ құрып, олар қаланың аумағында іздестіру жұмыстарын бастады. Ауқымды іздестіру шаралары барысында полиция бір сағаттың ішінде жоғалып кеткен баланы ата-анасына тапсырды.
Сол күні Қарағанды қаласының ПБ-ның Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жоғалған балалар туралы екі хабарлама келіп түсті. Бірінші жағдайда, 11 жасар қыздың ата-анасы дабыл көтерді. Әйелдің айтуынша, ол үйдің ауласында қызымен және кенже баласымен бірге жүрген. Содан кейін ол нәрестені үйге алып кетіп қайтып келгенде қызының жоғалып кеткенін анықтады.
Екінші жағдайда полицияға тоғыз жасар баланың әжесі хабарласқан. Ол велосипед тебуге сыртқа шыққан, содан хабарсыз кеткен.
Әр өтініш бойынша полиция жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, қыз бала мен ер баланы тауып алды. Олардың барлығы туыстарына қайтарылды.
Полиция ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларына көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы үнемі еске салып отыруды, үйден алыс жүруге тыйым салуды, түннің бір уағына дейін жалғыз жүрмеуді және қажет болған жағдайда көмекке жүгінуден тартынбауды сұрайды.