Қарағанды полицейлері ұрланған бидай тұқымдарын иесіне қайтарды
Қарағанды полицейлері ұрланған бидай тұқымдарын иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Осакаров полиция бөліміне сол өңірдегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің басшылығы арызбен жүгінген. Белгілі болғандай, серіктестік аталған өңірде егін егу жұмыстарымен айналысады.
Биылғы жылы олар егіс алқабын кеңейту және жоғары деңгейде өнім алу мақсатында Австриядан элиталы бидай тұқымдарын алып, тұқымды көбейту мақсатында егістікке еккен.
Алқапқа егілген тұқымнан өнім аламын деп жүргенде белгісіз біреу енді өсіп келе жатқан өнімді шауып алғаны анықталды. Диқанға келтірілген шығынды 54 мың деп бағалаған.
Аталған факті бойынша Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол өзгенің алқабынан егінді шауып алғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.