Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды қаласының аумағында «Stop трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Адамдарды ұрлау және сату, жеңгетайлық, адамдарды бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ халықты хабардар ету мақсатында 10-12 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының аумағында «Stop трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-алдын алу іс – шарасы барысында Қарағанды қаласының ПБ полиция қызметкерлері вокзал маңындағы алаңдардың аумақтарын, адамдар жиналатын орындарды тексеріп, интимдік қызмет көрсетумен айналысатын адамдар мен жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ көңіл көтеру орындарында, сауналарда, карантинді бұзуды анықтау үшін пәтерлерде жалға беретін қонақ үйлерде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

2019 жылы ҚР ҚК 309-бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) жеңгетайлықтың екі фактісі анықталып, қылмыстық іс қозғалса, ал ҚР ҚК 126-бабы бойынша (Бас бостандығынан заңсыз айыру) бес қылмыс тіркеліп оның ішінде бір қылмыс сотқа жолданды.

2020 жылы ҚР ҚК 125-бабы бойынша (Адам ұрлау) үш қылмыс тіркелді, екі қылмыс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру