Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үздік полицейлер марапатталды

Полиция Департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіндегі ең жас қызметтердің бірі – анықтау қызметінің қызметкерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын анықтаушылар қылмыстарды тергеумен айналысады, өтініштер қабылдайды, заңды бұзған адамдарды анықтайды, тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды, іс бойынша барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін істі сотқа және прокуратураға береді. Бұл – бөтеннің мүлкін ұрлау, жол-көлік оқиғалары, дене жарақатын келтіру, алаяқтық, бұзақылық.

Қызметкерлерді Департамент бастығының орынбасары Фархад Омаров құттықтады.

– Қиын жұмыстарыңыздың барысында сіздерге өте күрделі контингентпен қарым-қатынас жасауға тура келеді. Көптеген қылмыстық істерді тергеудің табыстылығы мен сапасы сіздердің білімділіктеріңізге, кәсіпқойлықтарыңызға, маңызды шешімдерді сауатты және тез қабылдай білу қабілеттеріңізге байланысты, – деп атап өтті Фархад Мұратбекұлы.

Құрметті марапаттарды тапсыра отырып, анықтаушыларға мықты денсаулық, кәсіби өсу, жалпы нәтижеге жету жолындағы жұмысқа деген ынта-жігер тіледі.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін үздік анықтаушылар Министр мен Департамент бастығының құқықтарымен марапатталды.

Министрдің бұйрығымен ІІМ Құрмет грамотасымен Железин ауданы полиция бөлімінің аға анықтаушысы – полиция подполковнигі Руслан Шитемиров және Департаменттің анықтау Басқармасының аға анықтаушысы АлияТегенбаева марапатталды.

Департаменттің Анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы – полиция подполковнигі Динара Жанақова және Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Айнагүл Нұржанова алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ, қылмысқа қарсы күреске қосқан жеке үлесі және 2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін ІІД грамотасымен және алғыс хатпен 12 анықтаушы марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру