Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жедел уәкілдер ұрыны қолға түсірді

Қарағандылық жедел уәкілдер ізін суытпай ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Михайлов полиция бөліміне қаладағы спорт кешендерінің бірінде ұрлық болғандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орынына келген полиция қызметкерлері белгісіз біреудің киім шешетін жерге кіріп, әмиянда тұрған 35 мың теңгені ұрлап кеткендігін анықтады.

Жәбірленушінің сөзінше ұрлық ол киімдерін шешіп, 20 минутқа бір жерге кеткенде болған және ол күдікті ешкімді байқамағанын айтқан.

Оқиға орынына жіті тексеру жасаған полиция қызметкерлері саусақ іздерін алып, оны тексеру барысында 25 жастағы Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғынына тиесілі екенін анықтады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оны қала көшелерінің бірінен қолға түсірді. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру