Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғыны ақмолалық әріптесін қарызға белшесінен батырған

Ақмолалық полицейлер танысына ресімделген көлікті ломбардқа кепілге қойып, із-түзсіз кеткен ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 2 наурызда Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі туралы шағымданды. Оның айтуынша, бұрынғы бастығы сеніміне кіріп, «Lada Priora» маркалы автокөлігін бір миллион теңгеге кепілге қойып, қарызын төлемеген.

Полицейлер 2019 жылы жәбірленушінің жұбайының бастығында сот орындаушыларымен қиындықтар туындағандықтан «Lada Priora» маркалы көлігін өзінің атына ресімдеуге келісім бергенін анықтады. Біраз уақыттан кейін жәбірленушінің бастығы ақшаға мұқтаж болғандықтан,  оның көлігін ломбардқа кепілге қоюға көмектесуді сұраған. Оған сенім білдірген жұмысшысы өз бастығына көмектесіп, аталған автокөлікті басқару құқығымен ломбардқа кепілге қойған. Екі жылдан кейін жәбірленушіге оның барлық шоттарының қарызға байланысты бұғатталғаны және бір миллион теңгеден астам қарызын төлеу туралы хабарлама келген. Олар дереу полициядан көмек сұрауға бел буған, өйткені бастықтың басқа қалаға көшіп кетуіне байланысты оны қайдан іздеу керектігін білмеген.

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 195-бабының 1-бөлігімен (Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осы қылмысты жасауға қатысы бар Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру