Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық жүргізуші Ақмола облысының полицейлеріне алғысын білдірді

Ақмолалық полицейлер жолдан шығып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының тұрғыны Дарқан Тастанов учаскелік полиция инспекторы Рүстем Құсайынов пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Петр Гураға Бұланды аудандық полиция бөлімінің “Instagram” парақшасы арқылы алғысын білдірді.

Оқиға былай өрбіген. “Макинск-Жалтыр” авто жолында Журавлевка ауылындағы өз учаскесіне барар жолда учаскелік инспектор кюветте жатқан жүк көлігін көрген. Ауыр жүк автокөлігінің жүргізуші полиция қызметкеріне автокөлікті басқара алмай, күртік қарға түсіп кеткенін айтқан. Камазға 18 тонна жүк тиелген. Тәртіп сақшыларына көлікті көтеруді жеңілдету үшін жүк көлігіндегі барлық жүкті түсіруге тура келген.

Сол күні тәртіп сақшылары ауыр жүк көлігін жолға шығаруға жарамды көлік таба алмай, кеш бата жүк көлігін құтқару жұмыстарын келесі күні жалғастыру туралы шешім қабылданған. Полицейлер жүргізушіні өздерімен бірге алып кетіп, тамақтандырып, түнеуге қалдырған. Келесі күні сағат 16.00-де Журавлевка кентінің тұрғындары мен полиция қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында көлік тұрғызылған. Көлікке 450 қап тұқым қайта тиелді. Құтқарылған жүк көлігінің жүргізушісі полицейлерге алғысын айтып, Қостанай қаласына қарай жолын жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру