Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғыны көршісінің темір есігін ұрлап, металл қабылдау орынына тапсырған

Қарағанды тұрғыны көршісінің темір есігін ұрлап, металл қабылдау орынына тапсырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу құны 70 мың теңге тұратын темір есігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Белгілі болғандай, жәбірленуші көпқабатты үйдегі өзіне тиесілі пәтердің сыртқы есігін ауыстыру үшін жаңа есіктің темір қорабын алып, жертөледе сақтаған. Оны білген белгісіз біреу оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған затты металл қабылдау орынына тапсырғанын айтты. Айғақ зат тәркіленді.

Осыған ұқсас жағдай Саран қаласында да тіркелді. Полицияға хабарласқан 46 жасар азаматша үйінің ауласынан белгісіз біреу құны 25 мың теңге тұратын шойын ваннасын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барсында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 және 45 жастағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған затты ақшаға өткізбекші болғандықтарын айтты. Айғақ зат тәркіленді.

Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру