Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл пробация қызметінің есебінде 312 адам тұр

Петропавл пробация қызметінің есебінде 312 адам тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде 312 сотталған есепте тұр, оның ішінде бас бостандығын шектеуге — 223, қоғамдық жұмыстарға — 1, түзеу жұмыстарына — 1, белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылғандар — 53, шартты сотталғандар — 30, жазаны өтеу кейінге қалдырылғандар — 4.

Жыл басынан бері жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзғаны, тіркеуге келмегені, кешкі уақытта тұрғылықты жері бойынша болмағаны, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 38 сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

– Пробация қызметкерлері есепке алынған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қоғамдық пайдалы іс-шаралар ұйымдастырады, – деп атап өтті Петропавл қаласы ПҚБ бастығы Александр Шевченко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру