Қарағанды тұрғыны зағип жанның телефонын тартып алған
Қарағанды тұрғыны зағип жанның телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қараша күні Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды.
Жәбірленуші кешкілік уақытта көп қабатты үйлердің бірінің маңында серуендеп жүргенде қолындағы телефонын белгісіз біреу тартып әкеткенін айтты. Қаскөй жәбірленушінің 3 топтағы мүгедек екенін және оның оған тойтарыс бере алмайтынын білген. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ізін суытпай 40 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тәртіп сақшыларымен айғақ зат телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.