Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада мас жүргізуші полицейлерден жасырынуға тырысты

Ақмолада мас жүргізуші полицейлерден жасырынуға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қарашада сағат 00:25 шамасында жол қозғалысын қадағалау кезінде Бурабай аудандық бөлімінің Щучинск қаласындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Әуезов көшесі бойында Peugeot автокөлігіне назар аударды. Ол жолдың жүріс бөлігінің бір жағынан екінші жағына иерелеңдеп жүріп бара жатты.

“Буран 1” автопатрулінің экипаж қызметкерлері аға лейтенант  Самат Қасенов пен Нұрлан Мырзағожанов  жүргізушіден тоқтауды сұрады. Алайда шетелдік көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған және қала көшелерімен жоғары жылдамдықпен жүруді жалғастырған. Бұл жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірді.

Оған қоса, жүргізуші бағдаршамның қызыл белгісіне бірнеше рет жүріп өтті. Құқық бұзушы туралы ақпарат патрульдік полицияның барлық нарядтарына берілді. 15 минуттан кейін “Буран 1” және “Буран 2” экипаждарының бірлескен күшімен Лесная көшесінде көлік тоқтатылды.

Көлікті тастап, жүргізуші тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысып, үйлердің біріне жүгірді. Алайда ұсталып, медициналық тексеруден өту үшін мекемеге жеткізілді. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны “орта дәрежелі” мас күйінде болған.

Азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту) бойынша хаттамалар құрылды. Жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру