Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғынын алдап, жүк көлігін қолды қылған алаяқ ұсталды

Қарағанды тұрғынын алдап, жүк көлігін қолды қылған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Анықталғандай, оның жеке меншігінде Shacman жүк көлігі бар екен. Ол өзі жүк көлігін жүргізу тәжірибесі болмағандықтан, көлікті сатпақшы болып сатып алушыны іздеді. Біраз уақыттардан соң, тиісті клиент табылған. Онымен жүк көлігін кейіннен сатып алумен жалға беру туралы келісім шарт жасалған. 

Уақыт өте келе, ер адамды адал ниетті серіктеске жатқызуға болмайтындығы белгілі болды. Ол тек келісімдерді жүзеге асырып қана қоймай, жалпы байланысты тоқтатқан. Өзінің алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінді. Жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 13 млн теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдіктіні 25 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.

Тағы бір алаяқ бұл жолы Жезқазған қаласында 28 жастағы қала тұрғынын алдып кеткен. Ол тиімді бизнес құру уәдесімен өзіне сенімділік тудырды. Бірақ бұл үшін шамамен 3 млн теңге көлемінде бастапқы капитал салу талап етілді. Жоспарлардың шынайылығына сеніп, жәбірленуші 2 млн 950 мың теңгені табыстады. Екі ай бойы ол алаяқтың қармағына түскенін түсінгенше уәде етілген дивидендтерді алуды күтті. Полицейлер күдікті 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 190/бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру