Қарағанды тұрғынынан телефонын тартып алған күдікті ұсталды
Қарағанды тұрғынынан телефонын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу аумаққа қарасты дәмханалардың бірінің маңында кенеттен соққы жасап, ұялы телефонын тартып алғандығы туралы шағымданған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған.
Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес (Тонау) қылмыстық іс қозғалды.
31 қаңтар күні «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адам анықталды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ұялы телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.