Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖД пробация қызметкерлері арасында конкурс өтті

СҚО-да ҚАЖД пробация қызметкерлері арасында конкурс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен аумақтық пробация қызметтерінің қызметкерлері арасында “Үздік пробация қызметкері” атағына конкурс өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби білімді, дағдыларды жетілдіру, қызметкерлерді өзінің біліктілік деңгейін көтеруге ынталандыру.

Аумақтық пробация қызметінің қызметкерлері қатарынан кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру мақсатында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы комиссия құрды.

Қатысушылар атыс, жауынгерлік, дене дайындығы және теориялық білімдер бойынша өзара жарысты.

Конкурс нәтижесі бойынша қатысқан қызметкерлер арасында СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев атындағы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Мухамедьяр Исин жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру