Қарағанды тұрғынының көлігінен ақшасы бар әмиянды ұрлаған әйел ұсталды
Қарағанды тұрғынының көлігінен ақшасы бар әмиянды ұрлаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері мүліктік қылмыстарының алдын алу бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Іс-шара кезінде полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағанын мойындаған 26 жастағы әйелді ұстады.
Анықталғандай, 28 тамызда күдікті базарлардың бірінде болған кезде, қараусыз қалған көліктің салонына кіріп, ақшасы бар әмиянды ұрлаған. Полиция 57 жастағы жәбірленушіні анықтады. Келтірілген шығын мөлшерін 131 мың теңгеге бағалады.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.