Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ПБ-ға 68 кәмелетке толмаған бала жеткізілді

Ақтөбеде ПБ-ға 68 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын өткізу фактілерінің жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 13-19 қыркүйек аралығында облыс аумағында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Нәтижесінде жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ПБ-ға 68 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, барлығы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған, 17 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ПБ есебіне 23 жасөспірім және 25 қолайсыз отбасы қойылды.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардан полицейлер жеті тескіш-кескіш затты тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру