Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғынының жеке үйіне кіріп, ақша ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Қарағанды тұрғынының жеке үйіне кіріп, ақша ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілдеде 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреудің жеке үйге кіріп, 80 мың теңгені жымқырып кеткенін түсіндірді.

Ұрлық жәбірленуші үйде болмаған кезде болған екен. Ұры ас үйдің терезесін сындырып кірген. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

13 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 47 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру