Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы ардагерлерге қонаққа барды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы ардагерлерге қонаққа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мен облыстық мекемелердің басшылығының Халақаралық қарттар күні Ардагерлер кеңесі мен қызметкерлердің қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткерлеріне барып, оларды мерекелерімен құттықтап қайтуы дәстүрге айналып отыр.
Биыл да 1 қазанда Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығының орынбасарының м.у.а. Е. Каргалтаев, департаменттің ардагерлер ұйымының төрайымы Г. Гиззатуллина мен ҚАЖД ТжКЖБ бастығы А. Кусаинова ардагерлер Р. Гайдученко мен В. Олейникке барып құттықтап қайтты.
Римме Гайдученко тамызда 85 жасқа келеді екен. Ол 30 жыл ҚАЖБ жабдықтаушы болып, сондай-ақ Біріккен кәсіподақ комитетінде жұмыс істеген. Римма Гайдученко еңбек еткен жылдарын, қиындыққа толы қоғамдық қызметін жиі еске алады. 11 және 12 жастағы 3 шөбересі өсіп келеді.
Виктор Олейник ІІО-да ұзақ уақыт қызмет өткерген, Қарағанды облысының Молодежный және Осакаров аудандық АІІБ, Қарағанды қаласы Ленин аудандық АІІБ бастығы лауазымдарын атқарған. Құрметті демалысқа Қарағанды облысы бойынша ҚАЖБ бастығының орынбасары лауазымында ішкі қызметтің подполковнигі атағында шыққан екен.
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД ұжымы мереке күні қылмыстық-атқару жүйесінің барлық ардагерлеріне зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және әлемдегі барлық жақсылықты тіледі.