Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында есірткіге қарсы акция аясында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен сайыс өтті

Атырау облысында есірткіге қарсы акция аясында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары” негізінде Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы түрлі іс-шаралар өткізу ісін қолға алды. Бұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты жастар мен ересектер арасында нашақорлыққа және синтетикалық есірткіге қарсы имунитетті қалыптастыру болып табылады.

Осы бағытта Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Атырау қаласының Бұқаралық спортты дамыту клубымен бірлесіп, ауыл клубтарының жасөспірімдеріне үстел теннисінен сайыс өткізді.

Негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен синтетикалық есірткіге қарсы имунитетті қалыптастыру. Сайысқа 16-18 жастағы жасөспірімдер қатысып, диплом, кубок, медаль және арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, шара соңында жас спортшыларға нашақорлық пен синтетикалық есірткінің зияны, оның қазіргі қоғамдағы кең таралуы және есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқықбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауаптылық жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру