Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы азаматтардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді

Қарағанды облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы Instagram-да тікелей эфир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарды тікелей эфирде Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Шәкіров қабылдады. Эфир кіріспе сөзден және облыс бойынша ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайлар туралы баяндамадан басталды.

Қарағанды мен Ұлытау облыстарының аумағында 4500 сотталған, сондай-ақ есепте тұрған 2200 адам бар.  

Негізінен азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, мекемелердегі эпидемиологиялық жағдай және ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері қызықтырды. Тікелей эфирге 200 адам қатысып, барлық сұрақтар бойынша жауаптар берілді.

“Әлеуметтік желіде тікелей байланысқа шығу біздің Департаментте бірінші рет жүргізіліп отырған жоқ, бұл практиканы біз 2020 жылдан бастаған болатынбыз. Мұндай онлайн-эфирлер азаматтарға өздерін толғандырған мәселелер бойынша кабинеттерге келіп уақыт шығындамай-ақ жедел жауап алуына мүмкіндік береді”, – деп хабарлады Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы.

Жауап қалдыру