Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесі сотталғандарды кәсіпке баулуда

11 қазанда Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты N 31 мекемесінде сотталғандарға арналған «Гипс бұйымдарымен жаңа бизнес» атты практикум өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Гипстен жасалған бұйымдар бүгінде сұранысқа ие және сыйлыққа лайықты өнімдердің қатарында. Гипс материалын түрлі қалыптар мен сәндік бұйымдар құюда қолдануға болады. Одан жасалған шам ұстағыштар, балалардың алақаны мен табанынан алынған қалыптар, шығармашылық пен қолөнерге арналған аксессуарлар шеберлік пен талғампаздықты талап етеді.

Практикумда сотталғандар гипстен бұйымдар жасау өнерін меңгеріп, түрлі қораптар жасады. Шығармашылық процестің барысында олар жаңа білім мен дағдыларға ие болып, көптеген жағымды эмоциялар алды. Алдағы уақытта бұл шеберлік тек жанға жақын іспен айналысуға ғана емес, сонымен қатар өз ісін ашуға, яғни бизнес ретінде дамытуға жақсы мүмкіндік болмақ.

Сабақтың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру