Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша үздік пенитенциарлық психолог анықталды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша үздік пенитенциарлық психолог анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес психологиялық қызметтің тиімділігін және пенитенциарлық психолог мәртебесін арттыру, қылмыстық атқару жүйесіндегі тәжірибелі психологтарды анықтау мақсатында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №61 мекемесінде ҚАЖ саласындағы психологиялық қызметтің 25 жыл толуына орай «Үздік пенитенциарлық психолог – 2024» конкурсының бірінші кезеңі өткізілді
Іс-шараның модераторлары осы мекеменің психологтары болған.
Комиссия құрамына ҚР ІІМ Қарағанды академиясының өкілдері, қоғамдық бақылау комиссиясы және прокуратура өкілі шақырылды. Іс-шараның ашылуында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД САТӘПЖБ бөлімінің бастығы Ф.Жұмажанов құттықтау сөз сөйледі.
Қазылар алқасына таңдау жасау оңай болмады. Өйткені бұл байқаудың әр қатысушысы жоғары деңгейде дайындалған. Десе де, қазылар алқасы үздіктердің үздігін анықтады. Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды № 32 мекеменің аға психологы Мария Лудцева алды. Екінші орын №33 мекеменің психологы Зухра Юрчикке бұйырды. Ал 1-орынды №31 мекеменің аға инспектор-психологы Венера Валиева жеңіп алды.
Енді жеңімпаз атанған Зухра ҚР ІІМ Қостанай академиясында өтетін «Үздік пенитенциарлық психолог – 2024» байқауының екінші кезеңінде бақ сынайды.