Жасақ бастығы қызметінің қыр-сырын айтып берді
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты “№ 32 мекеме” РММ сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлімінің жасақ бастығы Динара Мурзатаева Polisia.kz редакциясына қызметі жайлы айтып берді.
Динара күн сайын күрделі міндеттерді атқарады. Ол бала кезінен офицер болуды, құқық қорғау органдарында Отанының игілігі үшін қызмет етуді армандаған. Арада 6 жыл өтсе де колледжде оқытушы болып жұмыс істегеннен кейін, ол әлі офицер боламын деген мақсатынан бастартпаған. Содан арман адастырмады. Алайда мақсатқа жету жолы оңай болған жоқ, өз қызметін бақылау қызмет бөлімінен бастады.
Динара қызметке берілген жандардың бірі. Қауыр жұмысына қарамастан, әрқашан отбасына көңіл бөледі. Кітап оқығанды жаны сүйеді, атап айтқанда психологиялық әдебиетті жақсы көреді, сонымен қатар бау-бақшамен айналысады.
Погонды ару 2021 жылғы қаңтар айынан бастап ішкі істер органында қызмет атқарып келеді. Динара аз уақыт ішінде өз ісінің маманы екенін көрсете алды. Әрқашан ұжымға көмектесуге дайын тұрады.
Жасақта 50-ден астам сотталған, олардың өмірге деген жеке көзқарастары бар. Сотталғандарды түзету жолында дұрыс бағыт береді, олардың әрқайсысына мейірімділік пен қамқорлық танытады. Сотталғандар барлығы сырласуға, ішкі сырын ақтаруға жасақ бастығына жүгінеді, өйткені мұнда мекеме қабырғасында олардың мүдделерін қорғайтын жасақ бастығы бар. Олар одан көмек іздейді. Мекемеде барлық қызметкерлер сияқты, оның екінші өмірі өтеді.
Сондай-ақ Динара жұмыстағы ең әсерлі сәт туралы айтты. Жасақта өзінің әпкесімен байланысын үзген сотталған болды. Жарты жыл бойы Динара әпкесін іздеуге көмектесті, бірнеше рет құзыретті органдарға сауалдар жіберді, оң жауаптар түскен жоқ. Біраз уақыттан кейін әпкесі табылды. Сотталған қуанышпен және көзіне жас алып келіп түскен әрбір хатты қайта оқыды. Осындай жолмен Динара сотталғанның әлеуметтік-пайдалы байланыстарын орнатты. Бұл жаза мерзімін өтеу орындарында өте маңызды, әпкесімен сіңілісі мекемеден босап шыққан соң қауышты.