Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 15 аккумулятор ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда бір күнде 15 аккумулятор ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қаладағы мекемелердің бірінің басшылығынан арыз түсті. Белгілі болғандай, белгісіз біреу мекеменің автотұрағына еркін кіріп, бес жүк көлігінен жеті аккумулятор ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1,1 млн теңгеден асады.

Арада уақыт өте осыған ұқсас тағы бір арыз түсті. Ол жерде белгісіз біреудің құрылыс алаңынан сегіз аккумулятор жоғалғаны анықталды. Тәртіп сақшылары бұл екі қылмысқа бір адамның немесе адамдардың қатысы болуы мүмкін деген болжамға келді.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру