Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 16 жастағы қыздан телефон ұрлаған теміртаулық ұсталды

Қарағандыда 16 жастағы қыздан телефон ұрлаған теміртаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу қоғамдық көлікте сабақтан келе жатқан 16 жастағы қызының ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 76 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

17 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол ұрлық жасау үшін Қарағандыға арнайы келгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру