Қарағандыда әйел көршісінің екі тонын ұрлап кетті
Қарағандыда әйел көршісінің екі тонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әкесінің пәтерінен белгісіз біреу қонақ бөлмеде орналасқан шкафта тұрған екі тонды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Арызданушының 56 жастағы әкесі үйге көптеген қонақтар келгенін, бірақ қайсысы тонды ұрлап кеткенін білмеген.
«Учаске» профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер күдіктіні анықтап, зардап шеккен азаматтың 44 жастағы көршісін ұстады.
Күдікті қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.