Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда несие беру саласында азаматтарды алдаған әйелдер ұсталды

Алматыда несие беру саласында азаматтарды алдаған әйелдер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, 19 және 30 жастағы күдіктілер тұтынушылық және тауарлық несие алуда «көмекші» ретінде әрекет еткен.

– Күдіктілер интернет алаңдарында жұмыс істеген. Тергеудің осы кезеңінде олардың 8 алаяқтық фактісіне қатыстылығы анықталды. Әйелдер қолданушыларды хабарландыру сайты арқылы ауқымды несиелендіру саласындағы өздерінің «мүмкіндіктері» туралы хабардар етті. Клиенттерге тауарлық несиені рәсімдегеннен кейін бұл туралы ақпарат еш жерде жазылмайды және қарыз өздігінен жойылады деп уәде берді. Мысалы, олар миллион теңгеге несие алған болса, оның 100 мыңы зардап шеккендерге берілді, қалғаны өздеріне қалды, – дейді Жетісу аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру