Қарағандыда алаяқтықпен өзгенің телефонынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Қарағандыда өзгенің телефоны арқылы 600 мың теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші қаладағы базарда болған кезінде білгісіз біреу одан шұғыл қоңырау соғу мақсатында телефонын сұраған. Кейін ол біреумен сөйлескен кейіп танытып, телефонды иесіне қайтарып берген. Алайда осы аралықта күдікті жәбірленушінің телефонындағы мобильдік қосымша арқылы 600 мың теңге несие рәсімдеп, оны аударып алғаны белгілі болды.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.