Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның көлігін айдап кеткен күдікті азамат анықталды

Түркістан облысында тұрғынның көлігін айдап кеткен күдікті азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Жәбірленушінің айтуынша, көшелердің бірінде тұрған оның Wolkswagen Passat көлігін белгісіз біреу айдап кеткен. Оқиға орнына жылдам жеткен полицейлер жедел-тергеу тобын құрып, автокөлікті айдап кеткен күдіктіні іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары ауыл аймақты аралап, куәгерлерден жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі сағатта көлікті айдап кеткен жергілікті тұрғын анықталды. Полиция қызметкерлері күдіктіден ұрланған көлікті айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. 

Аталған факті ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру