Қарағандыда ауыл тұрғыны тауардың ақысын жалған ақшамен төлепті
Қарағандыда ауыл тұрғыны тауардың ақысын жалған ақшамен төлепті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қазанда 54 жастағы такси жүргізушісі Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне арызбен жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, белгілі бір клиент жол ақысын 20 мың теңгелік жалған банкнотпен төлеген.
Дәл сол күні полицияға 60 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші гүл сататын дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істейтінін жеткізді. Гүл сатып алушылардың бірі бес мың теңгеге гүл сатып алу үшін, 20 мыңдық жалған ақша ұсынған.
Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-ауылдық округтің 36 жастағы тұрғынын ұстады.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.