Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қаласының тұрғынын тонап кеткен қылмыскер ұсталды

Сәтбаев қаласының тұрғынын тонап кеткен қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамызда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу қолынан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

21 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті – 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру